21.07.2014, 08:45

Түркияда жүрген орыстар мен украиндар жаппай төбелес шығарды (ВИДЕО)

Сурет: politonline.ru

Түркияның Кемер қаласында орыс ұлтының өкілдері мен украиндар арасында төбелес орын алды. Жанжалды басу үшін полиция жасағын шақыруға тура келген, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Politonline.ru» сайтының жазуынша, жаппай тәртіпсіздік Кемер қаласында демалып жүрген екі ұлт өкілдерінің арасында болған. Қонақүйлердің бірінде екі бөлек үстелде отырған демалушылар өзара кикілжіңге келіп, арты үлкен төбелеске айналған. Тұтанған өртті басу үшін бірнеше полиция машинасы келіп жеткен.

Куәгерлердің айтуынша, төбелестің шығуына алдымен Киевтен келген демалушылар себеп болған. Спирттік ішімдікке масайған олар «Москаляку на гиляку!» деп ұрандата бастайды. Бұған шыдамаған көрші үстелдегі ресейліктер ескерту жасайды. Алайда, ресейліктердің ескертуін украиндар жағы құлағына да қыстырмайды. Нәтижесінде төбелес басталған. Төбелестің қатты кеткені соншалық, қарсыластар бір-біріне жұдырық жұмсаудан бөлек, отырған орындықтары мен ұзын-ұзын темірлер қолданысқа түскен.

Төбелес тыншығаннан кейін де орыстар жағы тәртіпсіздік жасап, ғимарат төбесіне Ресей туын іліп қойған. Алайда, оны түрік полицейі дереу алдыртып тастаған.