Украина президенті Петр Порошенко Қазақстанды малайзиялық ұшақ апатына байланысты зерделеу амалдарына қатысуға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Петр Порошенко халықаралық азаматтық авиация ұйымының қолдауы аясында Қазақстанды зерделеу амалдарын жүргізуге шақырып отыр», делінген rbc.ua сайтының Украина президентінің баспасөз қызметіне жасаған сілтемесінде.
«Азаттық» сайтының хабарлауынша, малайзиялық жолаушылар ұшағының бөлшектері құлаған жерге бүгін Голландиядан сарапшылар тобы келмек. Осы апаттан 192 азаматы мерт болған Нидерланд елінің премьері Марк Рютте мамандар қаза тапқандарды анықтау ісіне жәрдемдесетінін мәлімдеді. Ол опат болған отандастарының сүйектерін туған еліне жеткізу басым міндет екенін айтты.
Айта кетейік, 17 шілде күні 16:20 минутта малайзиялық Boeing 777-200 жолаушылар ұшағы Амстердамнан Куала Лумпурға бет алып бара жатқан жерінен жарылып кеткен еді. Алдын ала мәліметтер бойынша, борттағы 298 адамның бәрі қаза тапқан.