$ 445.66  474.58  4.78

Түріктер Кемер курортындағы жаппай төбелесті жоққа шығаруда

Түріктер Кемер курортында болған орыстар мен украиндардың өзара жаппай төбелесін жоққа шығаруда, деп хабарлайды РИА Новости.

Дәлірек айтқанда, мұндай мәліметті Анталья провинциясы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Ибрагим Аджар беріп отыр.

Айта кетейік, «Фэйсбук» әлеуметтік желісі қолданушылары арасында аталған жерде болған жаппай төбелес қызу талқыға түскен болатын. Мұндай хабарлама Ольга Блинкова есімді қолданушының парақшасында жарияланып еді. «Түркияда жүрген орыстар мен украиндар жаппай төбелес шығарғаны» жөнінде мұның алдында сайтымызда толығырақ жазылған болатын.

― Біз Кемер полициясы мен губернаторынан арнайы хабарлама алдық. Онда мұндай жайт орын алмаған. Оның үстіне, Түркияның Мәскеудегі елшілігінде мәдениет және туризм жөніндегі кеңесші Әлпер Озкан әлгі парақшадағы хабарламаның астында кейінірек әзіл екені жазылғанын айтты. Бұл әншейін интернет-форумдағы хабарлама ғана. Ал, туризм бұл бейбітшілік пен достықтың ортасы, ― дейді Ибрагим Аджар.

Дегенмен, «фэйсбукте» хабарлама қалдырған Ольга Блинкованың өзі болса хабарламаны оған ағасының жібергенін айтады. Дегенмен, мұндай талқыға түсіп кететінін ойламаған. Оның ойынша, түріктер жағы абыройына кір келтірмес үшін оқиғаны әдейі жасырып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары