22.07.2014, 07:20

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған «Севол» кемесі иесінің өлі денесі табылды

Сурет: glob-news.com

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған «Севол» кемесі иесінің өлі денесі табылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Полиция Сунчхон қаласында табылған мүрде миллиардер Ю Бен Ынудың денесі екендігін растап отыр. Ол бөтен мүлікті пайдаланғаны және салық төлеуден жалтарғаны үшін айыпталған еді. Негізінде бұл мүрде маусым айында табылған. Өлі дененің ДНК-сі Ю Бен Ынның бауырының қанына сәйкес келген, бірақ бармақ таңбасы оның Ю Бен Ын екендігін дәлелдеді.

Еске сала кетсек, «Севол» жолаушылар кемесі сәуір айында Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауында суға батып кеткен болатын. Соңғы деректерге қарағанда, 293 адам қаза болған және 11 адам іс-түзсіз жоғалып отыр. Капитан батып бара жатқан кемені алғашқылардың бірі болып тастап кеткен үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. «Севол» кемесінің апатқа ұшырауына байланысты 20 адам қамауға алынған.