Нидерландыда Украинада болған ұшақ апатына байланысты 23 шілде күні қаралы күн деп жарияланды. Бұл туралы шетелдік БАҚ Нидерландының премьер-министрі Марк Рюттеге сілтеме жасап хабарлап отыр.
Бұған дейін Рютте ұшақ апатынан қаза болғандардың денесі Нидерландыға 23 шілде күні жеткізіле бастайтынын айтқан болатын.
Еске сала кетсек, 17 шілде күні Malaysia Airlines әуе компаниясының «Амстердам - Куала-Лумпур» бағытында ұшқан Boeing 777 ұшағы Донецк облысында құлаған. Бортында болған 298 адамның барлығы қаза тапты.