$ 494.87  520.65  4.91

Ресейге салынған санкциялар мұнай бағасының шарықтауына әкеп соғады

Батыстың Ресейге қатаң санкциясы жалғаса берсе, әлемдік экономикаға ауыр тиіп, мұнайдың құны 1 баррель үшін 200 долларға дейін шарықтауы мүмкін, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Ондай жағдайда Еуропада газ қымбаттап, өнеркәсібі дамыған жетекші елдер ІЖӨ-нің 2,4 - 3,5 пайызынан қағылады. Бұл туралы Oxford Economics консалтингтік компаниясының сараптамасында жазылған.

― Ресейдің мұнай мен газына эмбарго жарияланса, ол жағдайды қатты күрделендіруі мүмкін, Батыс елдерінің көшбасшылары оған жол бермеу үшін барын салып отыр. Себебі, мәселе ушыққан жағдайда әлемдік нарықта энергия тасығыштардың тапшылығынан еуроаймақ 2015 жылдың басында ІЖӨ-нің 3,5 пайызын жоғалтады, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш - 3%, Жапонияда - 2,4 пайызға жетпек, ― дейді Oxford Economics сарапшысы Адам Слейтер.

«Brent» маркалы мұнайдың орташа құны 2014 жылғы баға бойынша баррель үшін 108,8 долларды құрап отыр (Bloomberg деректері). Бағаның шарықтаған кезі 2008 жылдың маусымында тіркелген (1 баррель - 147,5 доллар). Экономистердің айтуынша, сол 2008 жылғы мұнай бағасының өсуі жаһандық дағдарыстың басты себебі болған.

― «АҚШ-та 1974 жылдан бастап, барлық экономикалық дағдарысқа мұнай бағасының өсуі себеп болып келеді», ― деп жазады америкалық сарапшы Джеймс Хэмилтон.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары