24.07.2014, 04:30

Байқоңырдан «Союз-У» зымыраны ұшырылды

Сурет: ridus.ru

Бүгін Астана уақытымен сағат 03.44 кезінде Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс М-24М» ғарыш кемесі тиелген «Союз-У» зымыран-тасығышы ұшырылды. Бұл туралы ақпарат ресейлік «Роскосмос» ғарыш агенттігі сайтында жарияланды.

«Прогресс М-24М» кемесі халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істеп жатқан экипажға қажетті азық-түлік, оттегі, отын, ғылыми тәжірибелер өткізуге арналған құрал-жабдықтар мен ғарышкерлерге арналған сәлемдемелер ― жалпы салмағы 2,3 тоннаға жуық жүк жеткізеді деп хабарланды.