06.10.2016, 04:58

Қытайлық сиқыршы киім ауыстыру жылдамдығынан рекорд жаңартты (ВИДЕО)

Қытайлық сиқыршы өзінің көмекшілерімен бірге киім ауыстыру жылдамдығынан Гиннестің рекордтар кітабына енді. Сиқыршылар шоуы Хубэй провинциясының ойын-сауық саябағында өткен болатын.

Рекордты қойылым түсірілген видеоны YouTube видео-порталынан 5 күнде 1 миллионға жуық адам тамашалаған.

Рекорд жаңартқан сиқыршы Малайзия тумасы екен. Ол күн көру мақсатында Қытайға көшіп келген. Оның аты-жөні және бұған дейінгі жетістіктері айтылмай отыр. Белгілісі, сиқыршы 1 минутта 19 рет киім ауыстырып үлгерген.