Соңғы жаңалықтар

Дайджест

Хиллари Клинтон алдағы президенттік сайлауға қатысуға бел буды

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы 2015 жылдың басында өтетін президенттік сайлауға қандидат ретінде қатысу туралы өзінің түпкілікті шешімін қабылдамақ, деп хабарлайды «Қазақпарат» Reuters-ге сілтеме жасап.

30-дан астам адам жер сілкінісінен кейін шахтада қалып қойды

Боснияда 30-дан астам кенші жер сілкінісінен кейін шахтада қалып қойды, деп хабарлайды РИА Новости Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап.

Путин Моңғолияда салтанатты рәсімде көзіне жас алды (ВИДЕО)

Моңғолия мен Ресей әнұрандары шырқалған сәтте Ресей басшысы еріксіз көзіне жас алды. Бұл туралы «Новый регион» басылымы жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Яценюк Путиннің бейбіт жоспарын қабылдамады

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк Мәскеудің Украинаның оңтүстік-шығысында бейбітшілік орнату туралы ұсынысын қабылдамай тастады. Оның пікірінше, Мәскеу бұл ұсынысы арқылы «НАТО саммиті қарсаңында батыс елдерін шатастырып, кезекті санкция салудан бас тартқызбақшы», деп хабарлайды Азаттық.

Киев пен Мәскеу Донбасстағы қақтығысты тоқтатуға келісті

Украина президенті Петр Порошенко бүгін Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Донбасста қақтығысты «тоқтатуға уағдаласқан, деп хабарлайды Азаттық.

Ливияда жойғыш ұшақ тұрғын үйге құлады

Ливияның Тобрук қаласында әскери жойғыш ұшақ тұрғын үйге құлады. Апат салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды «Қазақпарат» Agence France-Presse агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Антальяға ұшып шыққан ұшақ белгісіз себептермен Астана әуежайына қайта қонды

Бүгін таңертең Астанадан Антальяға бет алған жолаушылар ұшағы 40 минут ұшқан соң елорда әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды. Жолаушыларға не себепті қайтатындарын ешкім түсіндірмеген, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

97 жастағы әжей кубиндіктерді биімен таңқалдырды (ВИДЕО)

Кубиндік әжей қала көшелерінің бірінде бар би өнерін ортаға салып, егде жасына қарамастан ерік-жігерінің, денсаулығының мықты екендігін дәлелдеді.

Малайзияға Boeing ұшағы апатынан қаза тапқан 9 адамның мәйіті жеткізілді

Украина аумағында апатқа ұшыраған Boeing-777 ұшағында болған 9 адамның мәйіті Амстердамнан Куала-Лумпурға жеткізілді, деп хабарлайды РИА Новости.

Бортында 25 жауынгер болған американдық тікұшақ апатқа ұшырады

АҚШ-тың Әскери-теңіз күштерінің CH-53E тікұшағы Аден шығанағында апатқа ұшырады. Бортта 25 жауынгер болған, деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары» Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасай отырып.