Соңғы жаңалықтар

Дайджест

Хиросимада лай көшкіні салдарынан 70 адам қаза болды

Жапонияның Хиросима қаласындағы лай көшкіні салдарынан қаза тапқандардың саны 70-ке жетті. 18 адам із-түзсіз жоғалған деп есептеледі. Бұл туралы Gazeta.ru хабарлады.

Гонконгтық жасөспірімдер таңғажайып видеоселфи түсірді (ВИДЕО)

Үш жеткіншек Гонконгтың биіктігі бойынша төртінші орындағы зәулім үйдің төбесінде видеоселфи түсірді. Олардың ролигі әлеуметтік желіде кең тарап кетті, деп жазады шетелдік БАҚ.

Израиль мен ХАМАС ұзақмерзімді бітімге келді

Египет билігінің хабарлауынша, Израиль мен ХАМАС Газа секторындағы жағдай бойынша ұзақ мерзімді бейбіт келісім жасаст, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Украинаның жаңа парламентінің сайлауы 26 қазанда өтеді

Украина президенті Петр Порошенко Жоғарғы Радаға мерзімінен тыс сайлау ағымдағы жылғы 26 қазанда өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

MсDоnald’s-тың адам етінен тамақ дайындағаны анықталды

Адам етінен тамақ дайындап келген каннибал компанияны қазір құзырлы органдар тексеріп жатыр. Сорақысы сол, тамаққа пайдаланылған еттің балалардыкі екендігі анықталыпты деп хабарлайды Turkystan.kz.

Қырғыз-тәжік шекарасында атыс болды

Кейбір ақпараттарға қарағанда, Қырғызстанның даулы ауданында жол салу жоспарына қарсы шыққан тәжік ауылы тұрғындарына қырғыз шекарашылары оқ атып, төрт адам жараланған, деп хабарлайды Азаттық.

Порошенко Жоғарғы Раданы таратып жіберді

Украина президенті Петр Порошенко Жоғарғы Раданы уақытынан бұрын таратып жіберді, деп хабарлайды Baq.kz.

Украина босқындарының Қырымнан кеткісі жоқ және еліне қайтуды ойлайды

Ресей аннексиялап алған Қырым билігі бүгін, 21 тамыздан бастап уақытша паналау пунктеріндегі украин босқындарын басқа аймақтарға көшіре бастайды, деп хабарлайды Азаттық.

Сириядан ресейлік ұшақпен қайтқан 60 адамның арасында қазақстандықтар да бар

Сирияға гуманитарлық көмек жеткізген РФ ТЖМ-сының Ил-76 ұшағы, кері қайтарда елден кетуді қалаған 60 азаматты Мәскеуге алып келді, деп хабарлайы «Қазақстан жаңалықтары».

Ресейдің «гуманитарлық жүк» тиеген 250 көлігі Украинаға кірді

Британиялық Guardian және Telegraph басылымдары 15 тамызға қараған түні «гуманитарлық жүк» тиеген 250 көліктен бөлек ресейлік әскери конвой Украина шекарасын кесіп өткенін жазды, деп хабарлайды Today.kz.