Денсаулық 14.05.2019 сағат 07:17  19

Дәрігерлер керосин, дәрі ішіп уланған балаларды құтқарып қалды

Түркістан облысының дәрігерлері мерекелік демалыс күндері уланып қалған бүлдіршіндердің өмірін аман алып қалды, деп жазады Ernur.kz.

Дәрігерлер керосин, дәрі ішіп уланған балаларды құтқарып қалды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Дәлірек айтқанда, 10 мамыр күні Түркістан қаласында 4 жасар ер бала керосин ішіп қойған. Ал, Келес ауданында 2014 жылы туған ұл бала анаферон медициналық препаратының 15 данасын жұтып қойған. 

Түркістан қаласында төрт жасар бала керосин ішіп қойған. 2015 жылы туған ер бала 10-шы мамыр күні түс кезінде химиялық сұйықтықты ішіп қойғаны анықталған. Ата-анасы дереу жедел жәрдем шақырған. Шұғыл жеткен ақ халаттылар уланған баланы облыстық клиникалық балалар ауруханасына жеткізген. Жедел білікті дәрігерлік көмек көрсету нәтижесінде баланың жағдайы тұрақты дейді дәрігерлер. 

11 мамыр күні түнгі сағат 23.56-да жедел жәрдем қызметіне Келес ауданы Абай ауылының тұрғыны хабарласып, жасы беске толмаған баласының дәрі ішіп қойғаны туралы хабарлаған. Шұғыл жеткен жедел жәрдем дәрігерлері қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

«Анасының айтуынша бала 15 анаферон таблеткаларын жұтып қойған. Асқазан түтігімен таза суға дейін асқазаны тазаланды», – деп мәлімдеді дәрігерлер. 

2014 жылы туған бүлдіршін анасымен бірге Келес аудандық ауруханасының балалар бөлімінде ем алып жатыр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар