Денсаулық 26.04.2019 сағат 13:56  105

Шымкенттің бас дәрігері клизмадан күйіп қалған баланың үйіне барды

Медицина қызметкерлерінің салғырттығынан зардап шеккен 10 айлық сәбидің отбасына барған қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев Жұқпалы аурулар ауруханасында болған келеңсіз жағдай үшін жеке өзінің атынан және медицина қызметкерлерінің атынан баланың ата-анасынан кешірім сұрап, әрдайым көмектесуге дайын екенін жеткізді.
Шымкенттің бас дәрігері клизмадан күйіп қалған баланың үйіне барды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сондай-ақ баланың толық оңалту емін алу үшін басқарма тарапынан барлық жағдай жасалатындығын айтып, бұл мәселені жеке қадағалауына алатындығын атап өтті.

Еске сала кетейік, осыдан бір ай бұрын қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында медбике 10 айлық нәрестеге клизманы ыстық сумен жасаған-ды. Салдарынан бала күйік жарақатымен аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Кейін сәби санавиациямен Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізіліп, 21 күн ем қабылдап, толық сауығып шықты.

Қазір шымкенттік дәрігерлер балақайдың жағдайын күнделікті бақылап тұру үшін арнайы үйіне барып, медициналық тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«SN.kz»-ақпарат.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар