Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев медициналық алғашқы көмекті көрсету, яғни емханадағы триаж жүйесінің, ересектер және балалар фильтрінің, әсіресе, ауызбен суландыру бөлмесінің жұмысына ерекше көңіл бөлді. Заманауи ақпараттық қондырғы «Инфокиоск» қызметімен танысты, яғни емханаға келген кез келген пациент осы қондырғы арқылы емхана туралы, өз учаскесінің дәрігерінің қабылдау уақытын, кабинеттің орналасу сызбасын, сондай-ақ нормативті-құқықтық актілермен таныса алады. Пациентердің «Egov» арқылы өз-өзіне қызмет ету бұрышына қызығушылық танытты. Емханада ашылған дәріхананың, ультрадыбыспен зерттеу аппараттарының және 35 төсектік күндізгі аурухананың жұмыстарымен танысты. Әлеуметтік маңызы бар аурулардың бірі – туберкулез дертімен қанша адам диспансерлік есепте тұратыны туралы сұрап, олардың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу жүйесімен танысты.
«SN.kz»-ақпарат.