Бір ғана Шымкент қаласында 8500-ге жуық мейірбике бар. Олардың басым бөлігі патронаждық қызметке тартылған. Яғни ауруханада науқастың аяқтан тұрып, дертінен айығуы мейірбикеге тікелей байланысты. Тәулікпен санаспайтын мамандық иелеріне арналған мерекелік кеште Шымкент қаласы әкімінің құттықтауын оның орынбасары Гүлжан Құрманбекова жеткізді.
«Халыққа жоғары сапалы медициналық көмектерді қамтамасыз етуде әлеуметтік-медициналық қызметтің өзекті мәселелерін шешуде мейірбикелерге ауқымды рөл жүктеледі. Денсаулық сақтау саласының қызметінің басым бөлігін мейіргерлер құрайды. Қазіргі таңда Республика бойынша 175 мыңға жуық медицина қызметкерлері еңбек етеді. Ал Шымкент қаласында 8500 мейірбике, акушер мен фельдшер жұмыс істейді» дейді ол.
3 кезеңнен тұратын байқау нәтижесінде «ең үздік мейіргер», «үздік акушер», «фельдшер мен зертханалық маман» сынды номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.
Жиынға Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласына еңбегі сіңген ардагерлер арнайы шақырылған. Төл мерекесінде ақ халаттыларға бағалы сыйлықтар табысталып, айрықша құрметке ие болды.
«SN.kz»-ақпарат.