Ақ xалатты абзал жандар футбол, арқан тарту, үстел теннисі, волейбол сынды төрт спорт түрінен өзара бақ сынады. Бір күнге созылған жарыста медицина қызметкерлері спорттық ойныдарға белсене қатысып, сайыста мықты екендерін көрсете білді.
Спартакиада нәтижесі бойынша №1 қалалық клиникалық ауруxана жеңімпаз атанып, бірінші орынға ие болды. Онкологиялық орталық екінші орынға ие болса, ЖИТС-пен күрес орталығы үшінші орынға жайғасты. Спартакиада соңында жеңіске жеткен командаларға денсаулық сақтау басқармасы және кәсіподақ атынан марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Жарыс қатысушылары спартакиаданың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты.
«SN.kz» - ақпарат»