$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте 1000 орындық аурухана салынатын болды

Жағымды жаңалық! Шымкент қаласында 1000 орынға лайықталған ірі аурухана, сондай-ақ, бір ауысымда 700 адам қабылдайтын консультациялық-диагностикалық орталық салынатын болды.

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов таяуда аталған ірі жобаны қаржыландырып отырған инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы бұл жоба Үкімет тарапынан бекітілген ірі жобалардың бірі екенін айтып, оны жүзеге асыру үшін әкімдік барынша қолдау көрсететінін жеткізді.

Құрылыс жұмыстарына әкімдік тарапынан 150 гектар жер бөлініп, сәулеттік-құрылыс жобасы бекітілген нысанның құрылыс жұмыстары тамыз айында басталады деп жоспарлануда. Жалпы жоба құны 180 млн. АҚШ долларын құрайды. Оның 15 пайызын жергілікті жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен қаржыландырса, қалған 80 пайызы инвестордың есебінен болмақ.

Жоба бойынша аурухана 6 корпустан тұрады. Оның ішінде, хирургиялық, терапиялық және ана мен бала орталығы, патологоанатомиялық бюро және сот-медициналық сараптама бюросы мен жедел медициналық және санитарлық-авиациялық көмек орталығы науқастарға жоғары деңгейде көмек көрсететін болады.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары