Денсаулық 07.06.2019 сағат 18:20  260

Бедеулікті емдейтін мамандар тапшы

Тек қана Шығыс Қазақстанда жасанды ұрықтандыру әдісін қолдану үшін 600 әйел кезекте тұр.
Бедеулікті емдейтін мамандар тапшы
Фото: reactor.inform.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Елімізде бедеулік мәселесі өзекті тұр. Мамандардың мәліметінше әрбір 5, 6-жұп осы қиындықты басынан өткереді екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек қана Шығыс Қазақстанда жасанды ұрықтандыру әдісін қолдану үшін 600 әйел кезекте тұр. Ал, ел бойынша репродуктолог дәрігерлер жетіспейді. Аталған жолмен бала көтеруге қажетті дәрі-дәрмектер де тым қымбат. Дегенмен, көршілес Ресейге еуропалық өндірушілер сол дәрілерді біршама арзан бағамен жеткізіп отыр.  Өскеменде өткен ғылыми-тәжерибелік басқосуда осы сынды кедергілер талқыланды. Саланың мықты мамандары бедеулікті емдеу технологиясын алыс өңірлерге жеткізу ең маңызды шешім деп санайды. Мәселен бұл бағытта Өскеменде арнайы клиника ашылды.

«Бедеулікті емдеу технологиясы әртүрлі өтеді.Бір адам үшін бір ай ғана созылса, енді біреу үшін бірнеше айға, кейбіреу үшін бір жылға созылуы мүмкін. Мысалы, осы облыстың тұрғындары ұзақ уақыт бойы Алматы немесе Нұрсұлтанда тұра алмайды ғой. Сол себепті бұл әдісті біз қолжетімді етуге тырысып жатырмыз. Осы жолы Өскеменде ,ал келесі жолы Семей қаласын жоспарлауымыз мүмкін. Осы категория бойынша: «Елімізде жыл басынан бері 4 мыңға жуық есірткі жарнамалаған сайт жабылды. Оралда «Халыққа жақын» акциясы өтті» - дейді емдеу бойынша орталықтар жүйесінің ғылыми директоры Салтанат Байқошқарова.

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар