Денсаулық 05.08.2019 сағат 12:15

Ана сүтінің нәрестеге пайдасы қандай?

Емізу әйел денсаулығы үшін де өте пайдалы. Сәбиін емізетін аналар босанғаннан кейінгі күйзеліске сирек шалдығады.
Ана сүтінің нәрестеге пайдасы қандай?
Фото: AuthGram.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

1-7 тамыз аралығында Қазақстанда дәстүрлі Дүниежүзілік бала емізу апталығы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығына сілтеме жасап. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен жыл сайын тамыздың басында 170 елде, оның ішінде Қазақстанда Дүниежүзілік ана сүтімен емізу апталығы өтеді. Оның басты мақсаты — ана сүтінің пайдасы туралы әйелдерге ақпарат беру. 

«Ана сүтінде баланың сау дамуына қажетті барлық пайдалы заттар: майлар, ақуыздар, көмірсулар, дәрумендер және минералдар бар. Оның құрамындағы табиғи антиденелер жаңа туған нәрестенің иммунитетін нығайтады, балалар ауруынан сақтауға көмектеседі. Яғни, ана сүтімен қоректенетін балаларға өте сирек суық тиеді және жасанды қоректенетін балаларға қарағанда жұқпалы ауруларға, диарея мен аллергияға сирек шалдығады»,- деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметінен. 

Сондай-ақ емізу сәбидің сенсорлық және танымдық дамуына оң ықпалын тигізеді. Нәрестелердің өлім-жітімін төмендетуге, сырқаттардан ертерек сауығуға жәрдемдеседі. 

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстанда және Еуропаның бірқатар елдерінде жүргізген зерттеуіне сәйкес, ешқашан ана сүтін ембеген немесе сирек емген балалар семіздікке көбірек ұшырайды. Сәйкесінше, ұйым баланы өмірінің алғашқы 6 айында тек ана сүтімен емізуге кеңес береді. Одан кейін 2 немесе одан үлкен жасқа дейін емізумен бірге қосымша тағам қоспаларын беруді ұсынады», - делінген ресми хабарламада. 

Емізу әйел денсаулығы үшін де өте пайдалы. Сәбиін емізетін аналар босанғаннан кейінгі күйзеліске сирек шалдығады. Онымен қоса, аналық без, сүт безі обырының даму қаупін төмендетеді, босанғаннан кейін ананың салмағын азайтуға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар