$ 444.22  476.38  4.82

«Біртіндеп «өле» бастайды»: дәрігерлер өлімге әкелетін ауруларды анықтады

Бұл сырқаттарды емдеу мүмкін емес.

Дәрігерлер адам өмірі үшін аса қауіпті бес сырқатты атады, деп хабарлайды дейді «Известия»  ақпарат көзіне сілтеме жасаған sputniknews.kz.

Бұл дерттер онкологиялық сырқатқа қарағанда, әлдеқайда ауыр. Өйткені ертерек анықталған қатерлі ісік емделеді. Ал бұл сырқаттарды емдеу мүмкін емес.

Олардың бірі - Крейтцфельдт-Якоб ауруы. Сырқат миға және жұлынға зақым келтіреді.

Екінші орында – ұйқысыздық. Бұл жеті айдан үш жылға дейін созылатын генетикалық ауру. Сырқат кезінде адам біртіндеп «өле» бастайды. Көзіне неше түрлі нәрсе елестейді.

Дәрігерлер құтыру ауруын да осы тізімге енгізіп отыр. Бұл дертке шалдыққан жануардан жұғады. Егер екі апта ішінде вакцинация жасалмаса,  жүрек пен тыныс алу жолдарына зақым келеді.

Аса қауіпті аурулардың бірі – геморрагиялық Марбург безгегі. Инфекция зақымданған тері арқылы ағзаға түседі. Адамның дене қызуы көтеріліп, іші ауыра бастайды. Ал екінші аптада науқас инфекциялық уланудан көз жұмады.

Тізімге енген бесінші дерт «прогрессивті фибродисплозия» деп аталады. Оның салдарынан бұлшықет пен сіңір біртіндеп сүйекке айналып кетеді. Терінің асты тығыздалады. Оны алып тастаудың пайдасы жоқ. Өйткені, сүйек қайта өсе бастайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары