$ 494.87  520.65  4.91

Қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға дәрі-дәрмек жетіспей жатыр

2018 жылы шаһардың 787 тұрғынында қатерлі ісік ауруы анықталса, биыл 864 науқасқа осындай диагноз қойылған.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Шымкентте қатерлі ісік ауруына шалдыққан науқастар қажетті дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Онкологиялық ауруханада дәрінің 8 түрі жеткіліксіз болып отыр. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы да бұл мәселені жоққа шығармады. Препараттың жетіспеушілігін олар науқастар санының артуымен түсіндіреді. 

Мәселен өткен 2018 жылы шаһардың 787 тұрғынында қатерлі ісік ауруы анықталса, биыл 864 науқасқа осындай диагноз қойылған. Сондай-ақ дәрі-дәрмекті жеткізу жағынан да кідіріс болған. 

«Себебі қазіргі уақытта кейбір препараттар сертификаттаудан өтуде», - дейді ақ халаттылар. Жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін «СК Фармация» компаниясы дәрі-дәрмектерді Шымкентке Шығыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласынан алдыруға шешім қабылдапты. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлімдеді. 

Асхан Байдувалиев, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: 

«Жылдан жылға скринингтің арқасында жаңа топ, жаңа адамдар анықталып жатыр. Барлығына бірден жылдың басында жоспарлау мүмкін емес. Мысалға 50-60 науқасқа жоспарлаған дәрі-дәрмектер осы жылдың аяғына дейін саны 80-ге дейін жетеді. Сонда 30-35 адам артық болады».


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары