$ 494.87  520.65  4.91

«Түтікше арқылы» дүниеге келген қыз табиғи жолмен босанды

Бірінші рет ұрық жетілмей қалды.
фото: pavlodarnews.kz
фото: pavlodarnews.kz

15 қазан күні осыдан 24 жыл бұрын елімізде тұңғыш рет экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) арқылы дүниеге келген қыз ана атанды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Жүктілік және босану табиғи жолмен болды, бала уақытылы, дені сау, 3.200 келі боп дүниеге келді.

Бүгінде әлем бойынша ЭКҰ-ның көмегімен 6,5 миллиондай бала дүниеге келген. 42 жыл ішінде экстракорпоралды ұрықтандыру  технологиясы көпшілік тарапынан қолдауға ие болып, тіпті, медициналық сақтандыру бағдарламасына енді.

Сонымен қатар, ЭКҰ жайлы алып-қашпа әңгімелер де көп. Көпшілікті «ЭКҰ арқылы дүниеге келген балалардың дені сау бола ма, олар табиғи жолмен перзент сүйе ала ма?» деген сұрақ алаңдатқаны өтірік емес. Міне, мына оқиға осы сұрақтарға жауап болды.

«1996 жылы перзент сүйе алмай, емделіп жүрген келіншекке ЭКҰ бағдарламасын жүргіздім. Қаншама жыл емделсе де, бір перзент сүйе алмай жүрген жандарға бұл сөзбен айтып жеткізе алмас қуаныш сыйлады. Алайда, ә дегеннен-ақ жолы бола кетті деу өтірік, бірінші рет ұрық жетілмей қалды, тек екінші рет жасаған кезде жүктілікке қол жеткіздік», - дейді жоғарғы дәрежелі дәрігер-репродуктолог, репродуктивті медицина орталығы басшысының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі Людмила Бадельбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ана #перзент