18.10.2019, 12:30

«Зиянсыз және қауіпсіз»: Ботокс туралы не білесіз?

Әрине, косметологты таңдауда көп нәрсеге мән беру қажет. Мысалы дәрігердің пациенттеріне, сертификаттарына, бұл саладағы жеткен жетістіктеріне, бәріне, бәріне.

Ботокс туралы көптеген қарама-қайшы пікірлер бар, олардың көп бөлігі жаңадан пайда болған кезде және жеткілікті дамымаған кезде қалыптасқан. Қазіргі заманғы косметологияның жетістігі "ботокс" - адам үшін мүлдем зиянсыз және қауіпсіз. 

А типті ботулиникалық токсин (ботокс, диспорт) іс жүзінде 1991 жылдан бастап қолданылады. Ол барлық клиникалық сынақтардан өткен, дұрыс пайдалану кезінде ешқандай жағымсыз нәтижелер көрсетпейді.

Ботулотоксинді енгізудің екі тәсілі бар: емдік және косметологиялық. Косметологияда ол бет әжімдерін тегістеу мақсатында қолданылады. Емдік мақсатта оны БЦП, қисық мойын, инсульттан кейін, оның бұлшық етке және шап аймағына кез келген аурулардың салдарынан пайда болған бет ассиметриясын жою үшін, артық тер бөлінуін болдырмау үшін қолданылады.

Ботокс қалай жұмыс істейді?

Ботоксолин бұлшықетке еніп, оны қимылсыздандырады. Оны енгізудің мақсаты - әжімдерді тегістеу. Ботоксолин бұлшықетке еніп, теріні қатырып тұрады, ал әжім тиісінше сол сәтте тегіс күйге енеді де, әжімнен құтылуға мүмкіндік береді. 

Әжіммен неғұрлым ертерек күресуді бастаса, соғұрлым одан құтылу мүмкін болмақ. Ал егер әжімге 10-20 жыл болса, онда ботокс емес филлердің көмегіне жүгінуге тура келеді.

Ботоксты қайда жасатуға болады?

Әрине, косметологты таңдауда көп нәрсеге мән беру қажет. Мысалы дәрігердің пациенттеріне, сертификаттарына, бұл саладағы жеткен жетістіктеріне, бәріне, бәріне. Себебі бұл маңызды процесс, шағын ота деуге келеді. Ботулотоксинды, сонымен қатар, мойын, кеуде тұстарына да жасатуға болады.

Жанама әсері болуы мүмкін бе?

Ботокстың кері әсеріне процедурадан кейінгі беттің біршама уақытқа қимылсыз қатып қалуын жатқызуға болады. Ол әжімді тегістеу үшін болатын құбылыс. Сол арқылы әжім тегіс кейіпке енеді.

Ботокс дұрыс енгізбеген кезде немесе пациенттің жеке ерекшелігіне байланысты аздаған ассиметрия пайда болуы мүмкін: қасы аздап төмендейді немесе көздің ассиметриясы пайда болады. Алайда, 4-6 айдан кейін органдар бастапқы жағдайға оралады. Екі аптадан кейін пациент қайта қаралуға келуі тиіс. Қажет болған жағдайда түзету, белгілі бір облыстарға қосымша егу жасалады.

Дереккөз: Oinet.kz