3-5 жас аралығындағы балалар күніне бір сағат қана теледидар көруі тиіс. Әйтпегенде бала денсаулығына орасан зиян келеді. Бұл туралы дәрігер Комаровский айтып берді, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Белгілі украиналық дәрігердің айтуынша, баланы үш жасқа дейін ақылды гаджеттерге мүлдем жолатуға болмайды. Сонда ғана дені сау болып қалыптасады.
Ал 3-5 жас аралығында күніне бір сағат телебағдарламаларды тамашалау жеткілікті. Алтыға аяқ басқан соң, теледидар алдында екі сағаттап отыра алады. Алайда балалар 12 жасқа дейін ұялы телефондар мен видеоойындарға әуестенбеуі тиіс.
Комаровскийдің пікірінше, бұл қарапайым ережелердің сақталмауы баланың ақыл-ойы мен мен физикалық дамуын тежейді. Сондай-ақ ұйқының бұзылуына және фобиялардың пайда болуына себепші болады.
"Бала шын мәнінде агрессияға және цифрлық деменцияға тап болады", – дейді Евгений Комаровский.