$ 494.87  520.65  4.91

Баланың жүрегі сау боп туу үшін ер адам күніне 50 гр ішімдік ішуі керек - Қытай ғалымдары

Ars Technica басылымы Қытай ғалымдарының «Әке атанғысы келіп жүрген ер адам ең кемінде жарты жыл уақыт ішімдік ішпеуі керек» деген сөзін жоққа шығарды.

Мамандар 50 грамм спирттің баланың жүрегінің сау болып тууына септігін тигізетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әке атанғысы келіп жүрген ер азаматтар ішімдікті бұдан былай аз мөлшерлеп ішпесе де болады. Ars Technica басылымы Қытай ғалымдарының «Әке атанғысы келіп жүрген ер адам ең кемінде жарты жыл уақыт ішімдік ішпеуі керек» деген сөзін жоққа шығарды. 

Бұл жолы зерттеуді Қытайдың Хунань провинциясындағы Оңтүстік орталық университетінің ғалымдары жүргізді. Аналитикалық журналдың хабарлауынша, ішімдік ішетін ер адам болашақта баласының жүрегі сау болып тууына себепші. Яғни ішімдікке жоламайтын адамнан сау бала тууы екіталай. 

Сондай-ақ, олар мұндай жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін күніне кемінде 50 грамм алкоголь ішуге кеңес берді. Алайда бұл мөлшерден тым асырып жіберсе, керісінше нәрестің денсаулығына зиян.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары