$ 494.87  520.65  4.91

Күрішпен асқазанды қалай тазалауға болады?

Тек ағзасында қалдықтары көп адамдар ғана әлсіздік сезінуі мүмкін.
фото: Massaget.kz
фото: Massaget.kz

Алдын-ала 4 стақан дайындап алыңыз. Оның әрқайсысын №1, №2, №3, №4 деп белгілеңіз.Күрішті де алдын-ала бір литрлік шыны ыдысқа (банкаға) салып қою қажет. Ал стақандардың санын ауыстырып алмағаныңыз дұрыс.

1-күн. Ұйқыңыздан ерте оянып, №1 стақанға 2-3 ас қасық күріш салыңыз да, оған таза, салқын су құйыңыз. Сонан соң стақанды мұқият жабыңыз.

2-күн. Ертеңгісін стакандағы күрішті сүзгіге салып сүзіңіз. Сүзіліп алынған күрішті жақсылап жуып, ыдысқа қайта салыңыз да, үстінен тағы да салқын су құйып қойыңыз. Сонан соң №2 стақанға 2-3 ас қасық күрішті салып, тазартып салыңыз да, үстіне таза, салқын су құйып, №1 стақанның жанына қойыңыз.

3-күн. №1 және №2 стақандағы күріштерді сүзгі-ге салып жуыңыз да, әрқайсысын өз орнына салып, үстіне таза салқын су құйыңыз. Келесі №3 стақанға да осындай мөлшерде күріш салып, су құйыңыз.

4-күн. №1, №2, №3 стақандарға күріштерді сүзгіге салып, жақсылап жуыңыз. Үстіңе салқын су құйыңыз. №4 стақанға да күріш салып, сумен араластырыңыз.

5-күн. Ертеңгісін №1 стақандағы күрішті сүзгіге салып жуып аласыз да, оны пісіріп жейсіз. Оны көп пісірудің қажеті жоқ, өйткені, ботқа аздап сұйық болғаны дұрыс. Дайын болған ботқаның 1 стақанын таңғы тамақ орнына ішу керек. (Егер суда 4 күн тұрған шикі күрішті пісірмей-ақ жей берсеңіз, ол ағзадағы ішек құрттарын түсіреді).

Күрішті жеп болған соң 4 сағат бойы тамақ ішпеу керек. Бұл уақыт аралығында шырын да, су да ішпеген жөн.

Енді №1 стақанға жаңа күріш салып қойыңыз. Салмас бұрын оны жақсылап жуып, үстіне салқын, таза су құясыз. Сонан соң оны ретімен тұрған стақандардың ең соңына қоясыз. Күрішті осындай жолмен 2 ай бойы жеу керек. Ал желінген күріштің орнына жаңасын салып отырасыз. Бұл процедураны түске дейін жасап, сол кездерде аш болуға тырысасыз. Ал түскі тамақ пен кешкі тамақ ішкенде бәрін жей беріңіз.

Тек тағамыңыздың тұзы ащы не қышқыл болмасын. Сондай-ақ, шылым шегіп, спиртті ішімдіктерді ішуге болмайды.
Күрішпен тазартудың ағзаға ешқандай зияны, кері әсері жоқ. Тек ағзасында қалдықтары көп адамдар ғана әлсіздік сезінуі мүмкін. Мұндай адамдар денесін бос ұстап, көп демалғаны дұрыс. 

Дереккөз: Halykemi.wordpress.com

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары