20.11.2019, 18:20

Қазақстанда ағзасын айырбастау кезегінде 3 мыңнан астам адам тұр (ВИДЕО)

Transplant.kz сайтында көрсетілгендей, бүйрек ауыстыруға 2470 азамат өтініш білдірсе, оның 73-і – бала.

Елімізде 3 мың 128 адам ағза трансплантациясы бойынша кезекте тұр. Бұл – Денсаулық сақтау министрлігінің ресми ақпараты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Transplant.kz сайтында көрсетілгендей, бүйрек ауыстыруға 2470 азамат өтініш білдірсе, оның 73-і – бала. Ал бауырдың трансплантациясына кезекке тұрғандар саны – 303 азамат. Өкпесін ауыстыруды күтіп жүргендер – 115 адам десек, жүрек трансплантациясына кезекке тұрғандар саны 240-қа жетіпті.

Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында 83 ағза ауыстырылған. Мамыр-қыркүйек айларында ота жасалғандар саны 50-ге де жетпеген. Мұны мамандар танымал қазақстандық трансплантолог Ғани Құттымұратовтың қамауға алынуымен байланыстырады.

Еске сала кетсек, осыдан жарты жыл бұрын дәрігерге адам ағзасын заңсыз алған деген айып тағылып, тергеу амалдары басталған еді.