Күніне төрт мандариннен көп жесе, денсаулыққа зияны болмайды. Ол иммунитетті күшейтіп, ағзадағы токсиндерді шығарады. Көңіл-күйді көтеруге де септігін тигізеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Диетолог-дәрігер Тамара Прунцева тәулігіне 4 мандарин жеуге ғана кеңес береді.
"Оларды күн сайын жеуге болады. Бірақ, көп жемеген жөн", - дейді ол.
Дәрігер жаңа жыл мерекесінде мандарин жеу жақсы дәстүр екенін атап өтті. Алайда, маман мандаринге аллергия болмауы шарт екенін айтты.
Бұл пікірмен диетолог-дәрігер Елена Тихомирова да келіседі. Оның айтуынша, қыста адам ағзасына дәрумендер жетпейді. Сондықтан жеміс жеген жөн.
"Мандариннің калориясы аз. Оның құрамында дәрумен көп. Әсіресе, С витамині. Оны жақсылап жуып жеу қажет. Себебі, мандарин ұзақ сақталу үшін оның қабығы ағзаға қауіпті затпен өңделуі мүмкін", - дейді ол.
Мандаринді неге көп жеуге болмайды?
Дәрігерлер мандаринді шектес тыс жеу аллергияның пайда болуына алып келетінін айтады. Яғни іш кеуіп, асқазан-ішек жолы созылмалы аурулары асқынуы мүмкін. Себебі, оның құрамында жасұнық көп.
Диетологтар мандаринді кешкі сағат 5-ке дейін жеуге кеңес береді. Ең маңыздысы оны аш қарынға жеуге болмайды.