01.12.2019, 16:50

«Рухани жаңғыру»: Алматыда дәрілік заттар жасайтын зертхана ашылды

Көптеген адамдар буын, асқазан, қан қысымы ауруларын емдеуге қытайда жасалған шөптерді пайдаланады. Алайда, Қазақстан жері де пайдалы дәрілік өсімдіктерге бай және фито-препараттар өндірісін дамытуға әлеуеті жетеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінде Қазақстан-Қытай бірлескен дәрілік заттар зертханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Университет пен институт арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум бірлескен болашақ жобаға жол ашты, деп хабарлайды Sn.kz.

Фитотерапия бүгінде кеңінен пайдаланылады. Емдік шөптер негізінде жасалған дәрілік препараттар өте тиімді және қауіпсіз екенін білеміз. Көптеген адамдар буын, асқазан, қан қысымы ауруларын емдеуге қытайда жасалған шөптерді пайдаланады. Алайда, Қазақстан жері де пайдалы дәрілік өсімдіктерге бай және фито-препараттар өндірісін дамытуға әлеуеті жетеді.

Бұл салтанатты шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхаметқали Бүркітбаев, Қытай ғылым академиясының Синьцзян техникалық физика-химиялық институты директорының орынбасары Қажы Акбер Айса, Қазақстандағы ҚХР бас консулдығын өкілдері Гуи Ми Шюн және Лу Енг Ган қатысты. Кездесу барысында екі жақ ынтымақтастығының жаңа кезеңін білдіретін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

«Бүгін, Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты ынтымақтастық, соның ішінде білім мен ғылым саласы жоғары деңгейде дамуда. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстан және Орталық Азиядағы ең мықты және танымал университет. Мұнда әр түрлі салаларда мықты ғылыми-зерттеу жасалады. Ал университет базасында құрылған бірлескен зертхана Қазақстанда фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін түрткі болады, жаңа серпін береді», – деп атап өтті Гуи Шюн.

Зертханның ашылу рәсіміне қатысушыларды құттықтаған ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхаметқали Бүркітбаев: «Қазақстанның табиғаты дәрілік шөптерге бай, бірақ фито-препараттарды өндіру технологиясы жеткілікті деңгейде дамымаған, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару үшін осы саладағы қажетті мамандар және білім қажеттігін айтты. Мүмкіндіктер мен ресурстарымызды біріктірсек, біз үлкен жетістіктерге қол жеткізе аламыз», – деді.

Тегтер: зертхана