Хельсинки университетінің ғалымдары қан қысымы жоғары болған жағдайда қандай шырын төмендетуге көмектесетінін атады, деп хабарлайды Medical Xpress.
Доктор Энн Кивимяки егеуқұйрықтарды пайдаланып, гипертензиямен зертханалық-тәжірибелік зерттеу жүргізді. Үш ай бойы оларға мүкжидек шырындарын, қарақат және итбүлдірген (қызылжидек) беріп отырған. Бұл жидектерде көп мөлшерде жүрек-тамыр ауруларының қаупін төмендететін полифенолдар бар екен.
Сараптама нәтижесінде итбүлдірген сусыны қан қысымын айтарлықтай төмендететіні байқалған, қойылтылған шырын тамырлардың жұмысына оң әсерін берген. Қалған шырындардың нәтижесі айтарлықтай байқалмаған. Зерттеудің авторы бұл мәліметтерді адамдарға сынап көру керек екенін айтады.
"Итбүлдірген шырыны дәрі-дәрмекті алмастырмайды, алайда бұл тағамға жақсы қоспа", - дейді Кивимяки.