Денсаулық 10.01.2020 сағат 13:00

Түнде жұмыс істеген денсаулыққа пайдалы ма?

Дегенмен қазіргі заманда түнде жұмыс істеудің алдын алу мүмкін емес.
Түнде жұмыс істеген денсаулыққа пайдалы ма?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгінгі таңда әлем күні-түні тоқтаусыз жұмыс істеуге көшкен. Тәулік бойы қызмет көрсететін орындар, дүкендердің саны күннен күнге артып келеді. Ал әуежай мен аурухана секілді маңызды нысандар 24 сағат бойы жұмыс істеуге міндетті.

2019 жылы ракты зерттеу бойынша халықаралық агенттік (IARC) түнгі уақытта қалай дұрыс жұмыс істеу керегі жайлы зерттеу жұмысын жариялады. Түнгі жұмыс ұйқы мен зат алмасудың бұзылуына әкеп соғады. Бұл өз кезегінде артық салмақ пен екінші типтегі сусамыр аурудың өршуіне себеп болады. Оған қоса жүрек-қан тамырлары мен психологиялық ауруларға ұшаруы мүмкін. 

Дегенмен қазіргі заманда түнде жұмыс істеудің алдын алу мүмкін емес. Сол үшін де ғалымдар түнгі уақытта жұмыс істейтін қызметкерлердің денсаулығын жіті бақылап, уақытылы медициналық тексерістен өтіп тұруға кеңес береді. Әсіресе көлік жүргізушілері, әскерилер, сақшылар мен дәрігерлер түнгі уақытта жұмыс істеуге мәжбүр.

2014 жылы Ұлыбританиядағы Суррей (SSRC) ұйқыны зерттеу орталығы түнгі уақытта жұмыс істеу адам ағзасына молекулалық деңгейде әсер ететінін анықтаған. Зерттеуге қатысқан адамдар үйреншікті тәртібінен бас тартып, түн мезгілінде жұмыс істеп көрген. Нәтижесінде олардың қан талдауы белсенді жұмыс істеуге бағытталған геннің көрсеткіші 6%-дан 1%-ға төмендегенін көрсетті.

Дереккөз: Massaget.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар