$ 514.65  544.6  5.17

Елімізде бір данасы 1 млн теңгеден асатын дәрілер де тегін берілетін болды

«Дәрі-дәрмектер мекемелерге 14 миллиард теңгеге жеткізіліп жатыр», - деді «СҚ-Фармация» басшысы.
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Аймақтардан тегін берілетін дәрілер тізімі ұлғайғанымен, қымбат дәрілер алынып тасталды деген шағымдар түсіп жатыр. Мәселен, «Сальбутамол», «Альвеско» деген аса қымбат дәрілер қазір берілмейді деген ақпарат тараған. Халық арасында туындаған осы мәселеге қатысты тілшінің сауалына «СҚ-Фармация» ЖШС-нің басшысы Берік Шәріп брифинг барысында жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Біріншіден, дәрі-дәрмектің тізімі кеңейтілді. Қымбат дәрілер азайтылды деген дұрыс ақпарат емес. Бұның алдында айтып кеткенімдей, 45 нозология бойынша дәрілердің тізімі түгелімен қалды. Қосымша бұл тізімге жаңа 225 атау кірді. Оның ішінде, мысалы, онкологияға қарсы жаңа химиялық молекулалар, антиденелі дәрі-дәрмектер бар.

Иә, олар бағасы жағынан өте қымбат. Бұл дәрілердің бір данасы, бір флаконы – 1 милллион теңгеден астам. Бірақ, соған қарамастан, бұл дәрілер МӘМС аясында амбулаториялық деңгейде тегін беріледі. Сол себепті, бұл ақпаратқа қатысты айтарым, бір түсініспеушілік болуы мүмкін. Алайда, дәрі-дәрмектің тізімі өзгерген жоқ», - деді Берік Шәріп.

Оның айтуынша, мекемелер дәрілермен толығымен қамтамасыз етіліп жатыр. 

«Біз 5 қаңтардан бастап дәрі-дәрмекті 160 мекемеге толығымен жеткізуді бастадық. Өкінішке қарай, кей кезде ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылып қалады. Соның салдарынан, мәселен, 5 қаңтарда емес, 8 қаңтарда кешіктіріп жеткіздік. Қазір біздің қоймаларда дәрі жеткілікті түрде бар. Дәрі-дәрмектер мекемелерге 14 миллиард теңгеге жеткізіліп жатыр», - деді «СҚ-Фармация» басшысы.

Еске сала кетсек, науқастардың қандай да бір шағымдары болса, «1439» нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы толыққанды жауап ала алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тегін #дәрі