30.01.2020, 18:00

Қытайдан жоғары қызумен келген қазақстандықтардан коронавирус инфекциясы табылмаған

фото: tengrinews.kz
Айта кетейік, 6 қаңтардан кейін Қытайдан келген 54 қазақстандық жоғары қызумен ауруханаға түсіп, 16-сы емделіп шықты.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа қатысты жалған хабарлар жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Семей мен Алматыда коронавирус тіркелді» деген ақпараттар жалған. Біз Қытайдан келген барлық жолаушыларды бақылауда ұстап отырмыз. Дене қызуы көтерілгендер ауруханада жатыр. Әзірге, бақылаудағы бірде-бір пациентте коронавирус расталған жоқ. Аталған хабарлардың барлығы – фейк», - деді Е. Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен бірге, министр әлемуеттік желіде жалған хабарлардың көптеп шығып жатқанын атап өтті. Айта кетейік, 6 қаңтардан кейін Қытайдан келген 54 қазақстандық жоғары қызумен ауруханаға түсіп, 16-сы емделіп шықты. Әзірге дүние жүзінде коронавирус жұқтырған 7 711 науқас тіркелді, 170 науқас көз жұмды. Сонымен бірге, жалпы 17 мемлекетте 90 науқас тіркелді.