Адам миының жақсы жұмыс істеуі үшін жағымсыз ойдан аулақ болып, ұйқыны қандырып, тек пайдалы тағамдарды жеген дұрыс деп хабарлайды Neonomad.kz.
Дәрігерлер мидың жұмысын жақсартып, оның жастығын сақтауға салауатты өмір салтын ұстанумен қатар, «түрлі-түсті» кейбір көкөністер мен жемістер көмектесетінін айтады:
Көк және көк сия (фиолетовый) көкөністер мен жемістердегі (қара қарақат, қаражидек, кәді, қара өрік, қызыл орамжапырақ) антиоциан пигменті күйзеліспен күресіп, иммундық жүйені жақсартып, көздің көру қабілетін арттыруға көмектеседі.
Жасыл көкөністер мен жемістер (брокколи, авокадо, саумалдық, алмұрт, алма) ми жұмысына жақсы әсер етеді, жүйке және жүрек-қантамырлдары жұмысын жақсартады.
Қызыл көкөністер мен жемістер (қызылша, бүлдірген, шалғам, қызанақ, анар, бұрыш) иммунитетті нығайтып, асқорытуды жақсартады, күш-қуатты арттырады.
Сондай-ақ, мидың жұмысын жақсарту үшін рационыңызға міндетті түрде омега-3 қышқылдары көп балықтарды қосыңыз. Оның жетіспеуі мидың ерте қартаюына, ақыл-ой белсенділігінің төмендеуіне алып баруы мүмкін.