$ 494.87  520.65  4.91

Көктемнің ерте келгені денсаулыққа зиян

Мұнан бөлек, егда жастағы кісілердің ауруға шалдығу ықтималдылығы осы кезеңде жоғары болады.
Фото: photographers.ua
Фото: photographers.ua

Кардиолог маман Юрий Конев "Вечерняя Москва" басылымына берген сұхбатында ерте шыққан көктемнің кімдерге қауіпті екенін айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ria.ru-ға сілтеме жасап.  

Оның айтуынша,  ауа райы бір сәттен өзгеріске ұшыраған кезде, күн бірден суып не жылып кеткен жағдайда жүрек-қан тамырлары мен созылмалы ауруларға шалдыққандардың имммунитеті әлсіреп қалады екен. Мұнан бөлек, егда жастағы кісілердің ауруға шалдығу ықтималдылығы осы кезеңде жоғары болады.

Дәрігер, мезгіл ауысатын шақта осындай дерттері бар адамдардың басы жиі ауырып, әлсірейтінін айтты. Себебі, атфосфералық қысым жүрекке қатты әсер етеді екен. Сондықтан кардиолог маман көктеп келуі үшін алдымен адамның ағзасы сыртқы темфератураға біртіндеп бейімделу керектігін жеткізді. 

Мәселен, көктем келердің алдында адамдар дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданып, дәрумендерді жиі тұтынып, спирттік ішімдіктер мен темекіден бас тарту керектігін ескертеді. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары