15.03.2020, 21:40

«2008 жылы туған қыз»: елімізде коронавирус жұқтырған тоғызыншы адам анықталды

фото: inform.kz
Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8 адамға дейін өскенін айтқан.

Алматыға шетелден келген қызға коронавирус диагнозы қойылды, деп хабарлайды Stan.kz.

«Алматыда тағы бір адамнан коронавирус анықталды. Бұл – 2008 жылы туған қыз, елге Германиядан ұшып келген. Қазіргі уақытта Алматыда 7 вирус жұқтырған адам анықталып отыр, ал екеуі – Нұр-Сұлтанда», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8 адамға дейін өскенін айтқан. Соңғы ақпаратқа сәйкес, енді Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 9 адамға дейін жетті.