Елордада коронавирус жұқтырудың тағы бір дерегі тіркелді. Осылайша, инфекцияға шалдыққандар саны 33 адамға ұлғайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Тағы оқи отырыңыз: COVID-19 таралуына байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына карантин режимі енгізілді
«Коронавируспен тіркелген науқас – 1983 жылы туған қыз бала. Ол өз бетімен қажетті көмек сұраған. Қазіргі таңда азаматша Нұр-Сұлтан ауруханасына жатқызылды», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.