18.03.2020, 05:10

Қазақстанда коронавирусты анықтауға арналған экспресс-тесттер сатылымға түсті

фото: pricom.kz
Таяуда ведомство қосымша тағы 60 мың тестті сатып алған.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сатылымда коронавирусты анықтауға арналған экспресс-тесттер пайда болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрдің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінде COVID-19 вирусының әлеуетті тасымалдаушысы болуы мүмкін барлық адамдарды тексеру үшін тест жеткілікті. Таяуда ведомство қосымша тағы 60 мың тестті сатып алған. «Ал бұрын 10 мыңға жуық тест тексеру үшін пайдаланылды», - дейді Елжан Біртанов.

Денсаулық сақтау министрі әрбір қазақстандықтың коронавирусқа тексерілуі міндетті емес екенін, себебі, инфекцияны тексергеннен кейін келесі күні оны оңай жұқтырып алуға болатынын айтты. Сондай-ақ, ол министрлік қосымша зертханалар ашуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Сонымен, сатылымдағы COVID-19 вирусын анықтауға арналған экспресс-тесттер Денсаулық сақтау министрлігінің қолдануындағымен бірдей тиімді емес көрінеді. Алайда, бұл тесттер антиденелердің пайда болуын көрсете алады.