18.03.2020, 20:15

Елордалықтар масканың бағасын еселеп сатып, 12,5 милллион теңге пайда көрген

фото: inbusiness.kz
Республикадағы төтенше жағдай кезінде Нұр-Сұлтан тұрғындары 550 дана масканы жоғары бағамын сатып келген. Оларда ешқандай құжат болмаған.

Нұр-Сұлтанда медициналық маскаларды жоғары бағамен сатқандар анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Қаржы бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Республикадағы төтенше жағдай кезінде Нұр-Сұлтан тұрғындары 550 дана масканы жоғары бағамын сатып келген. Оларда ешқандай құжат болмаған. Жалпы сомасы 12 500 000 теңгеге маска сатқан» делінген комитеттің хабарламасында.

Осы жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны айтылады.

«Медициналық маскалар мен антисептик құралдардың бағасы негізсіз жоғарылағанын байқасаңыздар, Қаржы бақылау комитетіне мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 70-84-78, 8 (7172) 31-61-45» делінген хабарламада.