Алматы қаласында коронавирус індетін жұқтырған Ресей Федерациясының азаматы анықталды. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Алматы қаласында коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам тіркелді. Ол – 1979 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы. Алматы қаласына 15 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген болатын. Қазір ол карантинде стационарда жатыр. Денсаулығы жақсы», - деді ресми өкіл, арнайы брифинг барысында.
Диас Ахметшәріп коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстанда 19 наурыз күні сағат 08.00-дегі жағдайға қатысты ақпарат таратты. «Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, елімізде барлығы 37 науқас тіркелді», - деді ол.