$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирустың суық тиюден екі кезеңдік айырмашылығы бар

Егер жетінші күні тыныс алу жолдары қиындаса, онда бұл – екінші кезең басталғанының белгісі.

Коронавирустың бір қаупі – бұл індетті суық тиюмен шатыстырып алу өте оңай екен. CoViD-19 инфекциясын алғаш тіркеген ухандық мамандар 138 пациентті зерттеп, ауру ағымын кезеңдерге бөлген. Осылайша, аурудың екі негізгі кезеңі аталды, деғп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, Life.ru-ға сілтеме жасап.

Бірінші күндегі кең тараған алғашқы белгісі – қалтырап, қызу көтерілу. Ол 7 күнге созылады. Науқастардың 99%-ында жоғары температура байқалған.

Екінші күні қатты шаршау сезіледі. Сондай-ақ, құрғақ жөтел пайда боп, бұлшықеттер ауырады. Кейбір жағдайда лоқсу және іш өту байқалады.

Жетінші күн – бұл кезеңнің аяғы. Демек, ауру жұқтырғандардың 85%-ының денсаулығы дұрыстала бастайды. Мұндай жағдайда егер сіз өзін-өзі оқшаулауда болсаңыз әрі ешкіммен байланыс орнатпасаңыз, жұмысыңызды жалғастыруыңызға болады.

Алайда, егер жетінші күні тыныс алу жолдары қиындаса, онда бұл – екінші кезең басталғанының белгісі.

Екінші кезең тағы екі аптаға созылады. Алайда, бұл вирус жұқтырғандардың 15 пайызына ғана қауіпті. Мұндай кезде ауруханаға қаралған жөн. Себебі, пациент ауруханаға жатуды қажет етуі мүмкін. Әдетте, науқас коронавирустан 17-күні қайтыс болуы мүмкін. 21-күні екінші кезең аяқталады.

Осы екі кезеңнен өткен науқастар жұмысын жалғастыруға қауқарлы болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус