$ 514.65  544.6  5.17

Коронавирус қандай заттарда ұзақ уақыт бойы сақталады?

Әрбір азамат індеттен қорғанудың қарапайым ережелерін жадында сақтағаны жөн.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Күллі әлемге қауіп төндірген коронавирус 3 күнге дейін өмір сүреді, ал ауада 3 сағатқа дейін сақталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

АҚШ-тағы аллергиялық және инфекциялық аурулар институтының мамандары осындай жаңалық ашты. Ғалымдардың айтуынша, вирус пластик заттар мен тот баспайтын болаттан ұзақ уақыт кетпейді екен. Сондықтан олар денсаулық сақтау саласында жүрген мамандардың кеңесіне құлақ асуға шақырды. Яғни әрбір азамат індеттен қорғанудың қарапайым ережелерін жадында сақтағаны жөн.

Дәлірек айтқанда, науқастармен тығыз байланыста болмау керек. Бет-әлпетті қолмен ұстамаған абзал. Сондай-ақ дәрігерлер жиі қолданатын тұрмыстық құралдарды үнемі ылғалды шүберекпен сүртіп отыру керегін айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус