$ 498.34  519.72  4.85

Коронавирустың салдары бедеулікке душар етуі мүмкін бе?

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде "коронавирустық жұқпа ерлерде репродуктивті функцияны бұзады" деген қауесет пайда болды.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ресей ғалымдары жаңа коронавирус пен бедеуліктің арасындағы байланыс анықталмаған деп мәлімдеді. Олар коронавирус бедеулікке душар ететінін жоққа шығарды. Бұл туралы вирусологтар мен урологтардың зерттеулеріне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бұған дейін "Covid-2019" коронавируспен ауырып, кейіннен айыққан ерлерде бедеулік туындауы мүмкін екендігі туралы ақпарат тарады. Мұндай тұжырымды Тунцзи медициналық колледжінің қытайлық репродуктивті медицина орталығының мамандары жасаған болатын.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде "коронавирустық жұқпа ерлерде репродуктивті функцияны бұзады" деген қауесет пайда болды. Қытайдың Хубэй провинциясы үкіметінің сайтында осы инфекцияны жұқтырған еркек жыныстылардың барлығы тестілеуден өтуге шақырылған-мыс деген ақпарат тараған.

Бұдан басқа, коронавируспен аудырғандардың бедеулікке душар болуы мүмкін екендігін туралы ақпарат Шэньчжэнь университетінің Карсон халықаралық онкологиялық орталығының урология бөлімінің ғалымдарының зерттеуінде пайда болған. Олардың зерттеуінше, адамның жасушаларына жаңа коронавирустың енуін қамтамасыз ететін ACE2 ферменті, өкпеден басқа, ұрықта көп мөлшерде кездеседі, сондықтан инфекция несеп-жыныс жүйесі бойынша таралуы және бала туу мүмкіндігін бұзуы мүмкін.

Ресейлік ғалымдар ұрықтың қабынуы аурудың ең соңғы - терминалды кезеңінде мүмкін екенін айтады. Бірақ әзірге Covid-19 ерлер мен әйелдердің жыныстық қызметіне әсер ететін жағдайлар тіркелмеген. Сонымен қатар, XX ғасырдың басында SARS індеті кезінде осындай қабыну процестері тіркелді, алайда уролог Дмитрий Еникеевтің айтуынша, ешкім бедеуліктің пайда болуы туралы мәлімдемеген.

Ғалымдар қоздырғыштар теориялық түрде қан тогымен және несеп-жыныстық жүйеге таралуы мүмкін деп санайды, алайда репродуктивті функцияның бұзылуы үшін көптеген факторлар болуы тиіс, соның ішінде, бактериялық инфекция қосылуы керек.

Осыған қарамастан, ғылымда вирустардың ерлердің бедеулігін тудыратын жағдайлары белгілі, мысалы парамиксовирус тудырған эпидемиялық паротит (халық арасында шошқа тұмауы ретінде белгілі). 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары