Дәргірелер әр Қазақстанның азаматынан көмек сұрайды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Дәрігерлердің бейнеүндеуін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасы жариялады. Видеода Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері қазақстандықтардан сақтық шараларын жоғары деңгейде орындап, дана халық екенімізді дәлелдейтін кез жеткенін айтады. Және барлығынан үйден шықпауды өтінді.
Бірі: "Біз Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлеріміз. Біз қазір қиын-қыстау кезеңнен өтіп жатырмыз. Сіздерден көмек сұраймыз. Үйде болыңыздар", - десе,
"Қазір маңызды кезеңдердің бірі. Бұл – жаттығу емес. Бізде бір ғана мүмкіндік бар. Үйде болуларыңызды сұраймыз", - дейді екіншісі.