$ 444.32  473.33  4.76

Шымкентте коронавирус жұқтырған екінші адам кешегі науқастың анасы болып шықты

Одан бөлек, қазір коронавирус жұқтырған шымкенттікпен бір автобуста болған 16 жолаушы іздестірілуде.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Бүгін Шымкентте коронавирус жұқтырған екінші адамның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

1970 жылғы науқастан алынған анализ оң нәтижесін берген. Коронавирус инфекциясы анықталған ошақта кешенді эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылып, қорытынды залалсыздандыру жұмысы толық жүргізілді.

Айта кетейік, бүгін диагнозы расталған әйел – кеше Нұр-Сұлтаннан Шымкентке автобуспен барып, коронавирус анықталған азаматтың туған анасы. Баласы қасында болғандықтан, ол 24 наурыз күні жұқпалы ауруханалар ауруханасына жатқызылып, оқшауланған. Анализ алынып, 25 наурыз күні оң нәтижесін берген.

Одан бөлек, қазір коронавирус жұқтырған шымкенттікпен бір автобуста болған 16 жолаушы іздестірілуде. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

«Коронавируспен ауырған адам болған автобус анықталды. 51 жолаушының 35-і табылды. Олар карантинге жатқызылды. 16-сы қазіргі уақытта іздестіріліп жатыр. Таяу уақытта табылып, карантинге жатқызылады», - деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары