02.04.2020, 13:00

Ғалымдар коронавирустың таралуына ауа ылғалының да әсері барын анықтады

Ғалымдардың сөзіне сенсек, пандемияны жеңуге тек карантин шаралары емес, кеңселердегі, үйдегі және басқа да ғимараттардағы ылғал әсер етеді.

Ғалымдар ауа ылғалы қандай болғанда коронавирус баяу тарайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ғалымдардың сөзіне сенсек, пандемияны жеңуге тек карантин шаралары емес, кеңселердегі, үйдегі және басқа да ғимараттардағы ылғал әсер етеді.

Зерттеуге қарағанда, қыста бұл вирус әдеттегіден үш есе қауіпті: салқын ауа ауа температурасы жоғары үйде таралып, салдарынан үйдегі ауа ылғалы 20 пайызға дейін төмендеп, вирус бірден жан-жаққа тарап кетеді. 

Дегенмен зерттеу авторлары ыстық елдерде коронавирус жұқтырудың қаупі жоқ және дензинфекция жасаудың керегі жоқ деп айтуға болмайды дейді. Сонда да ғалымдар үйде бөлменің ылғалын 50 пайыз деңгейде сақтауға кеңес береді.