04.04.2020, 01:43

Маңғыстау облысында тағы 1 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды

Фото: ашық дереккөз
Жалпы 464 науқас тіркелді.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелдi, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласында - 3 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам анықталды.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 202 адам, Алматы қаласында – 93 адам, Қарағанды облысында - 22 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 20 адам, Жамбыл облысында - 8 адам, Шымкент қаласында - 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 4 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 18 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 2 адам, Қызылорда облысында - 26 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 19 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 464 науқас тіркелді», - деп жазылған хабарламада.

Тегтер: коронавирус