17.04.2020, 03:10

Қазақстанда коронавирусты 1402 адамның жұқтырғаны расталды

фото: russia.tv
Одан бөлек, бүгінде жазылып шыққандар саны 277-ге жетті десек, қайтыс болғандар да аз емес, 17 адам.

Денсаулық сақтау министрлігінің жедел желісі таратқан соңғы мәліметке сүйенсек, елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы 40 адам тіркелген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл – 16 сәуірдің 23:40 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай. Сөйтіп, ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында – 326, Алматы қаласында – 417, Қызылорда облысында – 134 адам сырқаттанып жатыр. Ал ең аз деген Қостанай облысының өзінде 7 науқас бар.

Одан бөлек, бүгінде жазылып шыққандар саны 277-ге жетті десек, қайтыс болғандар да аз емес, 17 адам. Оның екеуі – Нұр-Сұлтаннан, үшеуі – Алматыдан, төртеуі – Ақмола облысынан, тағы үшеуі Шымкенттен тіркелсе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарынан бір-бір адам шығыны болды.

Тегтер: коронавирус