$ 447.4  477.55  4.76

Әл-Фараби және медицина

Шығыс ойшылының медицина саласын «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атауы тегін емес. Ол өз еңбектерінде аурудың тек себеп-салдарын ғана анықтап қана қоймай, оны емдеу, жою жолдарын да айтып өткен.

Адамзат баласының игілігі үшін медицина саласының маңызы зор. Бүгінде заманауи технологиялардың арқасында бұл саланың жаңалықтары да күн санап артып келеді. Бұған дейін әлемде көптеген ғалымдар осы саланың адам баласына пайдасын тигізуі үшін маңдай терін төгіп, өз үлестерін қосқанын тарихтан білеміз. Сол ғұламалардың ішінде әлемнің екінші ұстазы саналатын Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың орны бөлек, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Еліміздегі ең басты құндылық – адам. Сондықтан, дәрігер ретінде ел тұрғындарының денсаулығы үшін оларды саламатты өмір салтын ұстануға шақырып отыру басты міндетіміз. Медицинаның тереңіне бойлай жүріп көптеген ғалымдардың еңбектерін оқып, ізденеміз.

Осы орайда, әл-Фарабидің медицина жайында жазған еңбектері мен трактаттарын әрбір дәрігер өзіне өмірлік серік етсе, нұр үстіне нұр болатыны сөзсіз. Шығыс ойшылының медицина саласын «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атауы тегін емес. Ол өз еңбектерінде аурудың тек себеп-салдарын ғана анықтап қана қоймай, оны емдеу, жою жолдарын да айтып өткен.

Мәселен, әл-Фараби «Қайырымды қала» атты еңбегінде жүрек туралы айтқан ойларын медицинамен байланыстырған. Сондай-ақ, ғұламаның «Бесінші трактатында» ми қызметінің маңызы, жүйке жүйесі туралы жазылған. Ойшылдың «Адам ағзасындағы мүшелер», «Жануарлар ағзасындағы мүшелердің құрылысы мен қызметі» атты еңбектері бар. Сонымен қатар, ол Аристотель мен Галеннің зерттеу жұмыстарына өз көзқарасын білдіріп отырған.

Оған қоса, бас, көз, тері ауруларына қатысты ем-дом ұсынған 900-ден астам еңбегі бар. Бұл еңбектерде табиғи дәрі-дәрмектерді қолдану кеңестері берілген. Сонымен бірге, дұрыс тамақтанудың шарттары туралы айтқан», - дейді Сыр бойынан шыққан жас дәрігер-невролог Нұрбақыт Серікова. 

Әл-Фарабидің медицина тақырыбындағы қолжазбаларынан адам ағзасына қажетті пайдалы кеңестерді кездестіруге болады. Бұл ғұламаның медицина саласы бойынша білімінің жоғары екендігін көрсетсе керек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары