01.05.2020, 02:35

«Бұл менің әріптестерімді қорғау үшін қажет»: Ресей премьер-министрі де індет жұқтырып алды

Михаил Мишустин РФ президенті Владимир Путинге коронавирус жұқтырғанын, өзін-өзі оқшаулауға кеткенін хабарлаған.

Ресей премьер-министрі коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz, РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Михаил Мишустин РФ президенті Владимир Путинге коронавирус жұқтырғанын, өзін-өзі оқшаулауға кеткенін хабарлаған.

«Құрметті Владимир Владимирович, коронавирусты анықтауға тапсырған тестілер оң нәтиже берді. Осыған байланысты және Роспотребнадзордың талаптарына сәйкес, мен тиісінше өз-өзімді бақылауды сақтауға, дәрігерлердің нұсқамаларын орындауға тиіспін. Бұл менің әріптестерімді қорғау үшін қажет», - деді Мишустин Путинге.