04.05.2020, 17:20

Алматылық дәрігерлер 50 жастағы әйелді ажалдан арашалап қалды

Кемшілігі – кеңірдек дәрменсіздігінің қаупі жоғары болады.

Пациент Алматы онкологиялық орталығына "Кеңірдекте өсетін қайталануы бар қалқанша безінің қатерлі ісігі, 2 дәрежелі трахеяның ісік стенозы" клиникалық диагнозымен түскен, деп хабарлайды Baq.kz.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас қатерлі ісігінің өсуі салдарынан кез келген уақытта демігіп, жүрек-қантамыр жүйесі де зардап шегуі мүмкін еді.

Дәрігерлер кеңірдектің резекциясымен қалқанша безінің қайталанған ісігін алып тастау бойынша күрделі операция жасаған. Ота 4 сағаттан астам уақытқа созылды. 

Мамандардың айтуынша, бұл операция өте күрделі болған.

"Операция жасау кезінде трахеяны бірден немесе екінші кезеңді қалпына келтіру таңдауы тұрды. Біз оны хирургиялық араласу кезінде қалпына келтірдік, яғни, бір сәтте. Мұндай операцияның артықшылығы – жылдам оңалту, ол шамамен 10 күн және дауыс функциясын сақтау. Кемшілігі – кеңірдек дәрменсіздігінің қаупі жоғары болады. Дегенмен бәрі сәтті өтті", - дейді хирург дәрігер Саттар Аппазов.

Науқас 10 тәуліктен кейін сауығып емдеуден шығарылды. Бұдан әрі емдеуді қажет етпейді.